2 777 777
2 777 777
Рус Каз

Бар жақсы – жаныңызда!

«Акварель» отбасылық орамы Алматының жанға жайлы ауданында, Сәтпаев көшесінің жоғарғы жағында, Түркебаев пен Тілендиев көшелерінің ортасында салынып жатыр.

Мінсіз шопинг

ADK СОО «Акварель» отбасылық кешеніне тиіп тұр. Сіздің ең танымал брендтерге бай сәнді бутиктер әлеміне тап болуыңыз үшін 1 минут жеткілікті! Көпзалды кинотеатр, балалар атракциондары паркі, түрлі дәмхана мен таңдаулы өнімдердің алун түрі бар гипермаркет мінсіз шопингті одан сайын толықтыра түседі!

Табиғаттағы демалыс

Сіздің жаңа үйіңізден 2 минуттық жерде өзенді бойлай серуендеу терренкуры мен жағалаудағы жайлы саябақ орналасқан – кенепке сұранып тұрған пейзаж! Достармен көңілді сейіл, серуен мен балалармен бірге шулы ойын ойнау, таңертеңгілік жүгіру мен таза ауада спортпен шұғылдану – осының барлығы Сіз үшін!

Сапалы білім

«Акварельден» 10-15 минуттық жерде орын тепкен мектептер мен колледждер, білім беру және тіл үйрету курстары, ерте дамыту орталықтары мен шығармашылық студиялар өскелең ұрпақтың жан-жақты сапалы білімді үйден алысқа ұзамай-ақ алуына, ал сіздің оқу барысын жіті бақылауда ұстауыңызға мүмкіндік береді!

Өнер жаныңызда

Жанға жайлы 10 минуттық серуен жасасаңыз Наталья Сац атындағы жас көрермендер театрынан бір-ақ шығасыз. Ол – театр құмарлардың культттік орны және балаларды өнерге баулудың тамаша мүмкіндігі. Балалар спектакльдері, белгілі театрлардың гастрольдері мен шағын сахна маусым мен маусым аралығында естен кетпес сезімдер сыйлайтын болады!